Қазақ қыздары болашақ жар тандарда 5 нәрсеге көңiл бөлсін:
🌷1. Оның мақсаты бар ма жоқ па? Әлде не арманы жоқ, не мақсаты жоқ көптiң бiрi, көттiң кiрi болған бәзбiреу ме?
🌷2. Оның осы күнге дейiнгi қандай жетiстiктерi бар? Жоқ болса, оның болашақ кұр мақсатынан пайда аз. Сөйлейдi-сөйлейдi де қояды. Болар бала боғынан дейдi. Отызында орда бұзбаған, қырқында қамал алмас дейдi. Қайраты мол жiгiттiк шақта ұйықтап жүрген, ер ағасы болғанда ояна қоймас. Шын өмiр 30 жастан асқанда басталады. Сол кезде өкiнiп қалмаңыз.
🌷3. Жiгiт айтқан сөзiне тұра ма? Сөздi сөз деп бiлмейтiн жiгiттiң, өзiнiң де құны жоқ. Сөзге тұрмайтын жiгiттi, достары да адам құрлы көрмейдi. Қазақ сөзге тоқтаған халық. Бойында қасиет жоқ еркек, тектiлiктен ада болады.
🌷4. Жiгiтке сенiм артуға бола ма? Ғұмыр бойы бiр ақ жарыңыз және досыңыз болады. Егер оған сенiм арта алмасаңыз, сiзден асқан жалғыз адам бар ма?
🌷5. Жiгiттiң жұмысы бар ма жоқ па? Бiлiп қойыңыз, бұл дүниеде мүмкiндiгi бола тұра екi қолға күрек алуға жарамаған адамнан бақытсыз адам жоқ. Еңбек - бақыт көзi. Бақытқа ұмтылмаған жар, сiздi бақытты етiп жарытпас...